1.Жалпы ережелер
1. «Жаңашыл педагог – 2026» конкурсын Маңғыстау облысының білім басқармасының Оқушылар сарайы өткізеді.
2. Конкурс мұғалімдердің инновациялық идеяларын кеңейте отырып, үздігін анықтауға арналған.
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері.
2.1. Конкурстың мақсаты – Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтері арасында байланыс орнату және педагогтердің инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау.
2.2. Конкурстың негізгі міндеттері:
- қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау;
- жеке әзірлемелерін практикада қолдануға мүмкіндік туғызу;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату;
- шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеяларымен және жобаларымен бөлісу.
3. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Конкурсқа барлық бағыттан қатыса алады.
Командалық жобалар қарастырылмайды. Конкурсқа бұрын қорғалған авторлық жұмыстар жіберілмейді.
3.2. Сайыскерлердің конкурсқа қатысуын:
- Әр бағыт бойынша бөлім меңгерушілері ұсына алады.
4. Конкурс шарттары
4.1. Конкурстың өту
уақыты 03.02.2026ж.:
4.2. Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттарды жібереді:
4.3.Конкурсқа қатысушылардың өтініштері (қосымша 1)
4.4. Құжаттарды
2026 жылдың 30 қаңтарға дейін
кешіктірмей жіберу талап етіледі. Көрсетілген уақыттан кеш келген құжаттар қабылданбайды.
4.5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізуге ұйымдастыру комитеті, конкурстың қазылар алқасы құрылады, құрамы мен жұмыс тәртібі мекеменің бұйрығымен бекітіледі.
4.6. Конкурсты ғылыми-әдімдемелік бөлім ұйымдастырады.
4.7. Ұйымдастырушы комитетіне келесідей жұмыстар жүктеледі:
- Конкурстың ұйымдастырушылық мәселелерін шешу;
- Өтініштерді және ұсынылған материалдарды қабылдау;
- Өткізу уақыты, тәртібі және конкурстың қорытындысы жөнінде ақпарат дайындау;
- Конкурс жеңімпаздарын анықтаудың критерилерін бекіту.
4.8. Конкурс қорытындысын шығару қазылар алқасына жүктеледі.
5. Конкурсты өткізу талабы
5. Байқауды өткізуге қойылатын талаптар
5.1. І тапсырма – «Оқушылар сарайы – шабыт пен шаттық мекені»
тақырыбында креативті таңыстыру презентациясы (5–10 слайд);
5.2. ІІ тапсырма – Ашық сабақ (педагогтың таңдауы бойынша)
5.3. ІІІ тапсырма – «Менің тағы бір қырым» Шығармашылық қабілетіңізді көрсетіңіз (хобби)
6. Конкурсты қорытындылау
6.1. Қазылар алқасы конкурс қорытындысын шығарып, жеңімпазды анықтайды.
6.2. Конкурстың әрбір қатысушысына сертификат беріледі.
6.3. Конкурстың жеңімпаздары Маңғыстау облысының білім басқармасының Оқушылар Сарайының
«Жаңашыл педагог – 2026», «Педагогикалық шабыт шебері – 2026», «Жетістікке жетелейтін педагог – 2026» номинацияларымен марапатталады.
Тіркелу үшін төмендегі форманы толтырыңыз.